Сайлау - 2022: Алматы қаласы бойынша комиссияға 12 ұсақ шағым келіп түскен
Опубликовано:

Алматы қаласы АСК төрағасы Жанна Асанова комиссияға өрескел заң бұзушылықтар туралы ресми арыздар түспегенін айтты, деп хабарлайды Sailau 2022 Telegram арнасы.
Дереккөз мәліметінше, комиссияға 12 ұсақ шағым келіп түскен.

"Заң бұзу дерегін тіркеп, желіге тастамас бұрын кәсіби мамандардың бағасын алғаныңыз дұрыс – бұл бұзушылыққа жата ма, жоқ па? Қандай жағдай болмасын, барлық бақылаушы мен ұйымдар таңертең хабарласып, жедел байланыста болдық. Ал заңды өрескел бұзуға келетін болсақ, мұндай жағдайлар тіркелген жоқ", - деді Жанна Асанова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998051-sailau-2022-almaty-qalasy-boiynsa-komissiyaga-12-usaq-sagym-kelip-tusken/