Назарбаев Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Опубликовано:

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты елімізде кезектен тыс өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды elbasy.kz ресми сайты.
"Сізді Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын!
Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі.
Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін", – делінген тұңғыш президенттің құттықтауында.
Еске сала кетейік, кеше, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Кейін "Ашық қоғам" өңірлік зерттеу халықаралық институты жүргізген алғашқы Exit-poll нәтижесі шықты.
Сауалнама қортындысы бойынша кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинаған. Оған сайлаушылардың 82,45 пайызы дауыс берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998161-nazarbaev-toqaevty-kezekten-tys-prezident-sailauyndagy-zenisimen-quttyqtady/