Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстан президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев және Эмомали Рахмон. Мұрағаттағы фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Ақорданың мәліметінше, әңгімелесу барысында екі елдің басшылары келесі жылдың басында екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толатынын да атап өткен.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтқан.

Бұдан бөлек президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Еске сала кетейік, кеше, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Кейін "Ашық қоғам" өңірлік зерттеу халықаралық институты жүргізген алғашқы Exit-poll нәтижесі шықты.

Сауалнама қортындысы бойынша кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинаған. Оған сайлаушылардың 82,45 пайызы дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998205-tazikstan-prezidenti-toqaevty-sailaudagy-zenisimen-quttyqtady/

pixel