Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов алдағы жеті жылға арналған үкіметтің негізгі міндеттерін айтты

Опубликовано:

Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізуде
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет жұмысының алдағы жеті жылға белгіленген негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram-арнасы.

Үкіметтің кезекті отырысында Әлихан Смайылов Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жеткенін айтты.

"Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті – сайланған мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру.

Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі болып табылады.

Барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволар осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс.

Біз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттардың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуіміз керек.

Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға және халықтың табысын арттыруға бағытталады", - дейді Смайылов.

Еске сала кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы болды. ОСК-ның брифингте жариялаған алдын ала қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998392-alixan-smaiylov-aldagy-zeti-zylga-arnalgan-ukimettin-negizgi-mindetterin-aitty/

pixel