Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ресми түрде Қазақстанның сайланған президенті болып тіркелді: ОСК қаулыны жария етті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында елімізде 20 қарашада өткен Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысы туралы қаулыны жария етті.

"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған президенті болып саналсын.

2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті болып тіркелсін.

3. Тіркелген Қазақстан Республикасының президентіне тиісті куәлік тапсырылсын.

4. 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылдың 26 қараша болып айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген құжатта.

Еске сала кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Кейін "Ашық қоғам" өңірлік зерттеу халықаралық институты жүргізген алғашқы Exit-poll нәтижесі шықты.

Сауалнама қортындысы бойынша кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинаған. Оған сайлаушылардың 82,45 пайызы дауыс берген.

21 қарашада ОСК еліміздгі президент сайлауының алдын ала қорытындысын, бүгін түпкілікті қорытынды жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998473-toqaev-resmi-turde-qazaqstannyn-sailangan-prezidenti-bolyp-tanyldy-osk-qaulyny-zariya-etti/

pixel