Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Украина мәселесіне келер болсақ, бейбітшілік формуласын бірлесе қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек.

Станбұлдағы келіссөз раунды үміт сыйлаған еді, бірақ түрлі себептермен келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Онда Станислав Засьтың орнына ұйымның жаңа бас хатшысының кандидатурасы талқыланды. Бұл міндетті алдағы үш жылда Иманғали Тасмағамбетов атқаратын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998688-qasym-zomart-toqaev-ukraina-toniregindegi-zanzaldy-sesudin-beibit-zoldaryn-izdeuge-saqyrdy/

pixel