Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев таяуда Францияға және Ресейге ресми сапармен барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Францияға және Ресейге ресми сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады.

Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Ал 29-30 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады деп күтілуде.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998973-makronmen-zane-putinmen-kelissoz-zurgizedi-toqaev-tayauda-franciyaga-zane-reseige-resmi-saparmen-barady/

pixel