Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі өтеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін, 26 қарашада Астанада кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Шара тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рәсім кезінде жаңадан сайланған президент Қазақстан халқына ант береді. Ант мәтінін президент мемлекеттік тілде айтады.

Осыдан кейін мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы президентінің куәлігі тапсырылады және осы сәттен бастап президент ресми түрде қызметiне кiрiскен болып саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Айта кетейік, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Онда 81,31 пайыз дауыспен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999023-bugin-qazaqstan-prezidentin-ulyqtau-rasimi-otedi/

pixel