Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті
Опубликовано:

Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысын салтанатты ұлықтау рәсімі республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирден көрсетілді.
Еске сала кетсек, 20 қараша күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өткен болатын. Оның қортындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999027-qasym-zomart-toqaevty-ulyqtau-rasimi-bastaldy/