Тоқаев ресми түрде Қазақстан президенті қызметіне кірісті
Опубликовано:

Бүгін Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы салтанатты түрде ант қабылдаған соң, оған Қазақстан президенті куәлігі тапсырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысына президент куәлігін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров тапсырды.
"Қазақстан Республикасы президенті", - деді Нұрлан Әбдіров салтанатты жиында.
Осы сәттен бастап Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президенті қызметіне ресми түрде кірісті.
Айта кетейік, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Онда 81,31 пайыз дауыспен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999043-toqaev-resmi-turde-qazaqstan-prezidenti-qyzmetine-kiristi/