Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов ArcelorMittal компаниясының басшылығынан түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті. Үкімет басшысы компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы елеулі кемшіліктерін атап көрсетті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударған. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін де айтқан.

Премьер-министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.

Бұл ретте Виджай Гоял "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты өкініш білдірген.

Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша премьер-министр компания міндеттемелерінің орындаулы үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999334-smaiylov-arcelormittal-kompaniyasynyn-bassylygynan-tubegeili-saralar-qabyldaudy-talap-etti/

pixel