Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Путин "үштік газ одағын" құруды талқылады

Опубликовано:

Газ
Газ құбыры. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің Кремльдегі келіссөздері барысында Ресей, Қазақстан және Өзбекстан мүше болатын "үштік газ одағын" құру туралы айтылғанын хабарлады.

"Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды", – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Еске салсақ, кеше мемлекет басшысы Ресей федерациясына ресми сапармен барған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып, екі ел арасындағы шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін кеңейтуді ұсынды.

Осыдан кейін президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің ресми кездесуі өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999373-toqaev-pen-putin-ustik-gaz-odagyn-qurudy-talqylady/

pixel