Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі
Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі. Фото: t.me/bort_01

Францияға ресми сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы БОРТ N1 ресми арнасында.

Рәсім алдында мемлекет басшысы Франция Республикасының туына ілтипат көрсеткен. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындаған.

Содан кейін президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының ісі жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен бірге сап түзеп тұрған Құрмет қарауылы ротасының алдынан жүріп өткен.

Айта кетейік, 29 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Францияға барды. Мемлекет басшысын әйгілі Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макрон қарсы алды.

Бұдан соң екі ел басшысы кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999439-toqaevty-parizde-saltanatty-qarsy-alu-rasimi-qalai-otti-foto-video/

pixel