Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Қазақстан өз аумағын санкцияны айналып өтетін аймақ ретінде пайдалануға жол бермейді

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан өз аумағын санкцияларды айналып өтетін аймақ ертінде пайдалануға рұқсат бермейді. Еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко мәжіліс кулуарында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің жазуынша, БАҚ өкілі вице-министрден "Өзбекстан-Қазақстан-Ресей арасында үштік газ одағын құру туралы ұсыныс Ресейге салынған санкцияларды айналып өтетін құрал болмай ма? Оның Қазақстанға салдары қандай болады?" деп сұраған.

Роман Василенко бұл ұсыныс әлі идея ғана екенін атап өткен.

"Қазақстанның ұстанымы әуел бастан аумағымыз санкцияларды қандай да бір жолмен айналып өту аймағына айналмаған және айналмайды да дегенге саяды. Сіз айтып отырған мәселе туралы айтсақ, оның мазмұнын талқылауға әлі ерте. Өйткені бұл әзірше әлдебір идея ғана.

Бірақ Қазақстанның принципиалды ұстанымы бар. Қазақстан өз аумағын санкцияларды айналып өтетін аймақ ретінде пайдалануға рұқсат бермейді. Сонымен бірге біз санкцияны халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде пайдалануды қолдамаймыз", - дейді Сыртқы істер вице-министрі.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999560-sim-qazaqstan-oz-aumagyn-sankciyany-ainalyp-otetin-aimaq-retinde-paidalanuga-zol-bermeidi/

pixel