Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа партия құрылды

Опубликовано:

Байтақ партиясының стендіне жиналған адамдар
"Байтақ" партиясы. Фото: Facebook.com/amirtayazamatkhan

Қазақстанда тұңғыш "Байтақ" жасыл партиясы тіркелді. Бұл туралы "Байтақ-Болашақ" Экологиялық альянс" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртай Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Қазақстан тарихында тұңғыш рет "жасылдар" партиясы пайда болды, ал соңғы 20 жылда алғаш рет "Байтақ" жаңа партиясы ресми түрде тіркелді", – деп жазды Әміртай әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, қазақстандық журналист Сергей Пономарев та Facebook желісінде жаңа партияның тіркелгенін хабарлады:

"Біз "Таза ауа, таза су, таза жер – таза адами қарым-қатынас!" ұранымен бірігуге шақырамыз!

Біз әлеуметтік мемлекет үшін – ел байлығы халықтікі болуы керек! Біз жауапты бизнес үшін – кәсіпорындарды жаңғырту: қауіпсіз еңбек жағдайлары; заманауи өндіріс технологиялары мен жабдықтар; қалдықтарды адамдар мен табиғатқа зиян тигізбей жою!

Бұл Байтақтың ұраны, тек декларация ғана емес, игі істер де болады деп сенемін. Бәлкім, партия әр саладағы экологтардың басын қосатын шығар, ал жұмылған жұдырық қашанда саусақтардан тиімдірек", – деді ол.

Сонымен қатар журналист "Жасылдар" Еуропарламентте дәстүрлі түрде сайлаушылардың 7-8 пайызын жинайтынын еске алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999597-qazaqstanda-zana-partiya-quryldy/

pixel