Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқармасының төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұрахмет Нұриев
Нұрахмет Нұриев. Фото: Kazakhmys Holding

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар Кеңесінің шешімімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды. Ол компанияны 2006 жылдан бері үздіксіз басқарып келе жатқан Эдуард Огайдың орнына келді.

Еңбек ұжымы алдында өзінің ізбасарын таныстыра отырып, Эдуард Огай мұндай шешім Қазақмыс компаниясының жүрегі болып табылатын жаңа Ұлытау облысының құрылуына байланысты да туындағанын атап өтті.

«Нұрахмет Қанатұлы Жезқазғанда жұмыс істейтін болады және орталық кеңсе осында орналасады. Біз Жезқазған қаласында орналасатын боламыз және компанияның қолданыстағы модельдегі шешім қабылдау орталығы да осында болады. Нұрахмет Қанатұлы жас маман болса да, тәжірибесі жеткілікті және ол бізден де жақсы нәтиже көрсетеді», - деген Эдуард Огай жаңа басшының жоғары кәсіби және адами қасиеттерін атап өтіп, жаңа лауазымда табыс тіледі.

Нұрахмет Нұриев өз сөзінде қызметкерлер мен өндірістік ұжым алдында көрсеткен жоғары сенімі үшін басшылыққа алғысын білдіріп, компанияның құндылықтары мен мақсаттарына адалдығын, сондай-ақ облысты дамыту және елдің жоғары басшылығымен Жаңа, Әділ Қазақстан құру жөніндегі ортақ ұстанымын білдірді.

Нұрахмет Нұриев
Нұрахмет Нұриев. Фото: Kazakhmys Holding

Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеді.

2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2015-2019 жылдары «Майкубен Вест» ЖШС және «Шұбаркөл Премиум» АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, Бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2020 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

«Қазақмыс» корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусым айында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999772-qazaqmys-korporaciyasy-zss-basqarmasynyn-toragasy-bolyp-nuraxmet-nuriev-tagaiyndaldy/