Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Нариман Төреғалиев
Нариман Төреғалиев. Фото: parlam.kz

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарылығында.

Ол бұл қызметте 2019 жылдан бері БҚО-ны басқарған Ғали Есқалиевті алмастырды.

Айта кетейік, Нариман Төреғалиев 1964 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-экономист мамандығы, Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 1990-1995 жылдары "ХVІІІ Партсъезд" атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисі, бас экономисі болып бастаған.

1997-1999 жылдары "Айтиево" өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисі, бас экономисі;

1999-2001 жылдары "Ақжол" шаруа қожалығының басшысы;

2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;

2002-2003 жылдары Орал қаласындағы Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры;

2003-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары;

2005-2008 Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары;

2008-2010 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры;

2010-2012 жыладыр Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі;

2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2016-2017 жылдары Орал қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2017 жылғы маусымнан бастап парламент сенатының депутаты болды.

Сондай-ақ 2020-2022 жылдары сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы, 2022 жылдың маусымынан сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999886-nariman-toregaliev-batys-qazaqstan-oblysynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel