Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымында қалды

Опубликовано:

Берік Әбдіғалиұлы
Берік Әбдіғалиұлы. Фото: facebook.com/ulytau.gov.kz

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Айта кетейік, Берік Әбдіғалиұлы биыл маусым айында Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

2017 жылы "Өңірлік және муниципиалдық менеджмент" мамандығы бойынша MBA дәрежесін Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қаласында) қорғаған.

10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Берік Әбдіғалиұлы әр жылдары Президент әкімшілігінің бас инспекторы, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, "Мемлекеттік тілді дамыту қоры" ҚҚ директоры, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, вице - премьердің кеңесшісі сынды түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Сондай-ақ 202 -2022 жылдары VII шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999889-berik-abdigaliuly-ulytau-oblysynyn-akimi-lauazymynda-qaldy/

pixel