Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен кетті

Опубликовано:

Асхат Шахаров
Асхат Шахаров. Фото: Gov.kz

Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Ол Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Асхат Шахаровтың Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен босатылғаны 25 қарашада айтыла бастады. Самбодан үш дүркін әлем чемпионы Ақтөбе қаласын 2020 жылдың 16 наурызынан бері басқарып келді.

"Ақтөбе – мен кәсіби ғана емес, үлкен өмірлік тәжірибе алған қала. Көптеген қиын жағдай болды, соның ішінде жаһандық маңызы да бар, өйткені мен пандемия кезінде әкім болып тағайындалдым.

Бірақ мен кез келген мәселеге тап болған кезде, биылғы көктемде су тасқыны дейсіз бе, өткен жылы Авиақалашықтағы жылу берудегі мәселелер дейсіз бе, әрқашан қала тұрғындарынан қолдау көрдім. Мұны өте жоғары бағалаймын", – дейді Асхат Шахаров.

Әзірге Ақтөбе қаласының әкімі қызметін Гүлназ Сисенова атқаратын болды.

Ал 1 желтоқсанда Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайтында Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Асхат Шахаровтың өңірге келгені туралы ақпарат пайда болды. Ол Жезқазған ЖЭО-ның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999910-asxat-saxarov-aqtobe-qalasynyn-akimi-qyzmetinen-ketti/

pixel