Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Fitch агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Опубликовано:

Fitch Rating агенттігінің ғимараты
Fitch Rating агенттігінің ғимараты. Фото: Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты" деп хабарлайды елдің Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайты.

"Еліміздің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар – қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер. Агенттік сарапшыларының пікірінше, олар сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын дәлелдеді. Сондай-ақ, ірі фискалды буферлер сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.

Таза шетелдік активтер бойынша Қазақстанға жоғары тәуелсіз позиция берілгені, ол 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37 пайызын құрағаны айтылған.

Fitch есебінде атап өтілгендей, қазақстандық банк секторының капитал қоры жеткілікті деңгейде. 2022 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің коэффициенті 4,6 пайызды құраған.

Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютадағы салымдар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер және басқа да бірқатар шаралар депозиттерде қаражатты сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Жақында рейтингтің негізгі факторларының қатарына ESG көрсеткіштері де қосылды.

"Несие берушілердің құқықтары" индикаторы бойынша 20 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік борышты қайта құрылымдауға жол бермеу Қазақстан Республикасының кредиттік қоржынына оң әсер етуде", – делінген Fitch есебінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000011-fitch-agenttigi-qazaqstannyn-tauelsiz-kredittik-reitingin-rastady/

pixel