Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қырғызстан президентін туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев және Садыр Жапаров. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тілеген.

Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізген.

Сонымен қатар екі ел президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000302-toqaev-qyrgyzstan-prezidentin-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel