Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде қандай қателік кеткенін анықтауды тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Екібастұздағы жөндеу жұмыстары туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.

Ол қабылданған шаралар қаланы қиын жағдайдан шығаруға септігін тигізгені хабарланған. Сондай-ақ үкімет басшысы Екібастұзға келген премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға жедел басшылық жасау тапсырылғаны баяндалған. Әлихан Смайылов мемлекет басшысына бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қалаларды қысқы жылыту маусымына дайындау кезінде жіберілген қателіктерге мұқият талдау жүргізу міндетін жүктеді. Сондай-ақ үкіметке Екібастұзда және басқа да елді мекендерде қалыптасқан күрделі жағдайды түбегейлі өзгерту үшін нақты шешімдер қабылдау қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар, президент жекешелендірілген энергетикалық активтерге және олардың иесінің жауапкершілігіне қатысты мәселелерді шешу қажеттігін де атап өтті. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен құқық қорғау органдарының барлық жұмысы өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000459-toqaev-ukimetke-zylytu-mausymyna-daiyndyq-kezinde-qandai-qatelik-ketkenin-anyqtaudy-tapsyrdy/

pixel