Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымында қалды
Опубликовано:

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.
Айта кетейік, Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын 2014 жылғы 11 қарашадан бері басқарып келеді.
Бұдан бөлек, шенеунік Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, премьер-министрдің орынбасары, премьер-министрдің бірінші орынбасары, еліміздің премьер-министрі, Қорғаныс министрi, Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы, Энергетика және инфрақұрылым министрі сынды түрлі лауазымды қызметтер атқарған.
Еске сала кетсек, бүгін Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000533-danial-axmetov-sygys-qazaqstan-oblysynyn-akimi-lauazymynda-qaldy/