Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Балықбаев Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Қайрат Балықбаев
Қайрат Балықбаев. Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында.

Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке меншік компанияның менеджері болып бастаған.

2006-2009 жылдары "ҚазМұнайГаз" АҚ құрылымында әр түрлі лауазымдарды атқарған.

Әр жылдары жеке меншік ұйымдарда еңбек еткен.

2011-2016 жылдары – "ҚазМұнайГаз" АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.    

2017-2018 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2021 жылдары – "KazEnergy" ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі болған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000640-qairat-balyqbaev-sauda-zane-integraciya-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel