Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев келесі аптада үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

12 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды президенттің ресми БОРТ N1 Telegram арнасы.

12 желтоқсан, яғни дүйсенбі күні мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, үкіметтің бұған дейінгі кеңейтілген отырысы 14 шілде күні президенттің төрағалығымен өткен болатын.

Шарада мемлекет басшысы елдегі инфляцияның жоғары қарқынын атап өтіп, Қазақстандағы экспорт мәселесіне тоқталып, қант мсәелесіне байланысты екі министрге сөгіс жариялаған болатын.

Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде сауда жүйесіндегі тәртіпті қалпына келтіру қажеттігін айтып, үкіметті қағазбастылық үшін айыптады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000703-toqaev-kelesi-aptada-ukimettin-keneitilgen-otyrysyn-otkizedi/