Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төтенше ештеңе жоқ": ҚМГ басшысы Түркия жағалауында тұрып қалған қазақстандық мұнай туралы айтты

Опубликовано:

Кеме
Кеме. Көрнекі фото: Рexels.com

"ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев Түркия жағалауында тұрып қалған қазақстандық мұнайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін 21 танкер болғанын, оның ішінде 6 танкер ТШО мұнайымен ("Теңізшевройл" – Қазақстанның мұнай өндіруші кәсіпорны) екенін хабарлады.

"Жалпы, Қазақстанға қатысы бар 8-10 танкер бар деп есептейміз. Тұрған танкерлердің барлығы – 21. Шын мәнінде, онда төтенше ештеңе болған жоқ, кеше Энергетика министрлігінде тиісті түсініктеме берілді.

Қазір кідірістер шамамен 6 күнді құрайды. Бірақ біз тарихи түрде көтердік (көрсеткіштерді жақсарттық – шамамен): желтоқсан үшін Босфорды айналып өтудің қалыпты уақыты 14 тәулікке дейін", – деп сендірді "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен және еліміздің Анкарадағы елшісімен әңгімелескенін айтты.

"Ол да қазір бұл мәселеде бізге көмектесуде. Ал мәселе, қазір айту сәнге айналғандай, overcompliance, яғни Түрік үкіметінің қосымша сақтандыруды растауды талап етуіне байланысты болып отыр. Әрине, біздің танкерлеріміз бен жүктеріміздің сақтандырылғаны түсінікті, қазір сақтандырушылар арасында сөйлесіп жатырмыз", – деп түйіндеді ҚМГ басшысы.

Коллинз сөздігінде "Overcompliance" (ағылшынша) сөзінің мағынасы белгілі бір талаптарға шамадан тыс адалдық таныту деп түсіндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000708-totense-estene-zoq-qmg-bassysy-turkiya-zagalauynda-turyp-qalgan-qazaqstandyq-munai-turaly-aitty/

pixel