Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Жоғарғы соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.
Жоғарғы сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, бүгін сенаттың жалпы отырысында еліміздің Жоғарғы сотының жаңа төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды. Ол бұл қызметте Жақып Асановты алмастырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000765-qasym-zomart-toqaev-zogargy-sottyn-zana-toragasy-aslambek-mergalievti-qabyldady/