Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды
Опубликовано:

Қазақстан президентінің әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен:
- Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан президентінің көмекшісі – Қазақстан президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
- Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан президентінің көмекшісі – Қазақстан президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындады, ол Қазақстан президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
- Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000802-prezident-akimsiliginde-birqatar-auys-tuiis-boldy/