Тоқаев Бішкекке ұшып келді (фото, видео)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Әуежайда мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алған.
Кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты "Ала-Арча" резиденциясының Конгресс-холлында қарсы алған. Онда бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тілеген еді.
Сондай-ақ мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000852-toqaev-biskekke-zumys-saparymen-keldi-video/