Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов жаңа орынбасарына бірқатар міндет жүктеді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: Рrimeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді атады. Ол үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Вице-премьер білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты және тағы басқа мәселелерді бақылауына алады", - деп хабардар етті үкіметтің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Алтай Көлгіновке жаңа лауазымда жұмысында табыс тілеген.

Еске салайық, бүгін Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов президент жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000882-alixan-smaiylov-zana-orynbasaryna-birqatar-mindet-zuktedi/

pixel