Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ЕАЭО аясында еңбек миграциясы мәселесіне тоқталды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысында, мемлекет басшысы ЕАЭО аясында еңбек миграциясы мәселесіне де тоқталып өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған салада бір орында тұрмай, жаңа тәсілдерді ұсыну қажет екендігін айтты. Бұл туралы БОРТN1 Telegram арнасы хабарлайды.

Президент қазіргі сын-қатерлер бұл саланың маңыздылығын айқындай түскенін айтты.

"Еңбек миграциясы мәселесіне де ерекше назар аудару қажет деп есептеймін. Қазіргі сын-қатерлер бұл саланың маңызды екенін айқындай түседі. Бір орында тұрып қалмай, жаңа тәсілдерді ұсыну маңызды. Соның ішінде жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру рәсімдерін жеңілдету, еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер беру ісіне жаңа тәсілдер керек. Азаматтар интеграциялық жобаның пайдасын толық сезінуі керек", - деді ол.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аясында туризм мәселесіне де тоқталып өтті.

"Тағы бір сала – туризм. Бұл бағытта Одақтың әлеуеті зор, туризмнің барлық түрі бізге қолжетімді. Халықтар арасында интеграцияны ілгерілетуге жағдай жасайық. Комиссия үкіметтермен бірлесе отырып, осы салада маңызды әрі шынайы жобаларды әзірлей алады", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстанның ЕАЭО аясында интеграцияны дамытуға мүдделі екенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000933-toqaev-eaeo-ayasynda-enbek-migraciyasy-maselesine-toqtaldy/

pixel