Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаршаған жоқпын": Даниал Ахметов ШҚО-ға қайта әкім болуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов "Өңір басшысы әкімі қызметінен шаршаған жоқсыз ба?" деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған сұрақты оған тілшілер қойған.

"Не себепті шаршауым керек? Сіз өмірден шаршадыңыз ба? Жоқ, мен де", — деп жауап берді әкім.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері облыс басшысынан көп жыл бойы әкім болуының сырын да сұрап көрді.

"Оны мемлекет басшысынан сұраңыздар ", — деп қысқа қайырды ШҚО әкімі.

Бұдан бөлек Даниал Ахметов президенттің әкімдер тиімсіз мамандардан бас тартуы қажет деген пікіріне байланысты да өз ойын айтты.

"Біз бұл мәселені талқылаймыз. Менің барлық орынбасарым - өз ісінің мамандары. Ержан Нұрбаевтың ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибесі бар. Шәкәрім Бұқтығұтовтың өндірісте тәжірибесі бар. Экономикалық мәселелер бойынша орынбасарым АҚШ-та оқыған, ол да жоғары кәсіби маман. Біз әкімдікке тек білікті мамандарды аламыз. Алайда президент дұрыс айтты, оны тағы да талқылайтын боламыз", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Даниял Ахматов ШҚО әкімі лауазымына қайта тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001203-sarsagan-zoqpyn-danial-axmetov-sqo-ga-qaita-akim-boluyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel