Жеңіс Қасымбек Астана әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер болуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді
Опубликовано:

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек министрлер кабинетінің кулуарында өзінің жаңа әкім ретінде сайлануына қатысты және әкімдікте кадрлық-ауыс-түйістер болуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жеңіс Қасымбекті сөзге тартқан тілшілер одан жаңа қызметке келгеніңізге көңіліңіз тола ма деп сұраған.
"Көңілі толмағаны несі? Егер тағайындаса, тек қуанатын боламын. Бұл мемлекет басшысының маған артып отырған үлкен сенімі деп білемін. Сондықтан сенімді ақтау үшін бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді саламын. Бұған қоса елорда тұрғындары да менен үміт күтіп отыр. Мәселе көп, үкімет қолдап отыр, мемлекет басшысы қаладағы мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр", — деді ол.
Ол сондай-ақ әкімдікте кадрлық ауыс-түйістер бола ма деген сауалға жауап берді.
"Жоқ, ешкімді әкелмеймін, ешкімді ауыстырмаймын. Осы жылдың соңына дейін тұрғындармен кездесу болады. Осы жақында үлескерлермен кездесіп үлгердім", — деп жауап берді Астана әкімі.
Айта кетейік, Жеңіс Қасымбек елорда әкімі қызметіне өткен аптада тағайындалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001207-zenis-qasymbek-astana-akimdiginde-kadrlyq-auys-tuiister-boluy-mumkin-be-degen-saualga-zauap-berdi/