Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Қазақстанның Грузиядағы елшісін қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әңгімелесу барысында президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Еске салайық, бүгін таңертең мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы болды. Онда президент келер жылы орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс болатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001222-prezident-qazaqstannyn-gruziyadagy-elsisin-qabyldady/

pixel