Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданимен кездесті
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Екіжақты кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң баға берген. Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптарандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Гаутам Адани Мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001357-prezident-adani-group-kompaniyasynyn-prezidenti-gautam-adanimen-kezdesti/