Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл 11 айда мемлекетке құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен қаражат қайтарылған

Опубликовано:

10 мың теңегелік банкноталар
10 мың теңегелік банкноталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Олжас Бектенов президентке елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берді.

Оның айтуынша, биыл 11 айда мемлекетке құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен қаражат қайтарылған.

Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталған және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Сондай-ақ Олжас Бектенов мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп-тексерген қылмыстық істерден тәркіленген қаржы қазірдің өзінде мектеп құрылысына жұмсалып жатқанын айтты.

Олжас Бектенов президент қабылдауында
Олжас Бектенов президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Мәселен, "Ақтөбе" ӘКК-ге қатысты қылмыстық іс аясында кінәлі тұлғалар 197 млн теңге шығынды өтеген. Қаражаттың негізгі бөлігі ауыл мектебінің құрылысын аяқтауға жұмсалған.

Сонымен қатар ол президентке сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды болдырмауға бағытталған алдын алу шаралары туралы ақпарат берген.

Оның сөзінше, көліктік бақылау, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы салаларына, көші-қон қызметіне, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың және "Қазақстан темір жолы" АҚ жұмысына сыртқы талдау аяқталған. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 2 мыңнан астам ұсыныс әзірленген.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001794-biyl-11-aida-memleketke-quny-600-mlrd-tengeden-astam-zansyz-ielengen-mulik-aktivteri-men-qarazat-qaitarylgan/

pixel