Президент осы аптада Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.
"Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады.
Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Михаил Козачков ісіне қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002121-prezident-osy-aptada-ozbekstanga-memlekettik-saparmen-barady/