Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Президент Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруымен құттықтады, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

Тараптар, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын жоғары бағалады. Осы ретте Қатар әмірінің жуырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.

Әңгімелесу барысында екіжақты сауданы жандандыру және экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігі жөнінде айтылды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қатар Қазақстандағы ең ірі он инвестордың қатарына кіретініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002144-qasym-zomart-toqaev-qatar-amirimen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel