Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол рас": Қаржы министрі әйелінің Қазақстан даму банкінің аппарат басшысы болып тағайындалуына пікір білдірді

Опубликовано:

Ерұлан Жамаубаев
Ерұлан Жамаубаев. Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жұбайының Қазақстан даму банкінің аппарат басшысы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әйеліңіздің Қазақстан даму банкінің аппарат басшысы болып тағайындалғаны рас па? Сіз "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің мүшесісіз. Ал Қазақстан даму банкі осы холдингке қарайды. Бұл жерде мүдделер қайшылығы жоқ па?", - деп сұраған журналист үкімет кулуарында министрден.

Вице-премьердің сөзінше, бұл мәселе ең бірінші кезекте пысықталған.

"Ол рас. Мен "Бәйтеректен" арнайы ақпарат алдырдым. Заңгерлер түгел тексерді. Бұл жерде ешқандай да мүдделер қақтығысы жоқ. Аппарат басшысы басқарма мүшесі болып табылмайды. Яғни, ол ешқандай саяси шешім қабылдамайды. Ол "Бәйтеректің" өзінде емес, еншілес ұйымында жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай мүдделер қақтығысы жоқ", - дейді БАҚ өкілінің сауалына жауап берген Ерұлан Жамаубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002259-ol-ras-qarzy-ministri-aielinin-qazaqstan-damu-bankinin-apparat-bassysy-bolyp-tagaiyndaluyna-pikir-bildirdi/

pixel