Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Мұхтар Әблязовті Қазақстанға эстрадациялауға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мұхтар Әблязов
Мұхтар Әблязов. Фото: Thomas Coex/AFP/Getty Images

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында Мұхтар Әблязовты Қазақстанға экстрадациялау мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері жақында Франция соты экс-банкир Мұхтар Әблязовке саяси баспана берудан бас тартқанын айтты. Осыған орай тілшілер бұрынғы банкирді Қазақстанға қайтару мүмкін бола ма деген сұрақ қойды.

"Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Біріншіден ол банк қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр. Екіншісі Тәтішевтің өлімімен байланысты. Екі қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шыққаннан кейін, Франциядағы экстрадация жөніндегі тиісті органдарға сұраныс хат жолданған болатын", - дейді бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, аталған істерді қарау мерзімі әр түрлі.

"Сіздер өздеріңіз оның мәртебесін Францияның құзырлы органдары жойғанын айттыңыздар. Осы және біз қолданып жатқан басқа да шаралар септігін тигізеді деп ойлаймын. Сұраныс-хаттары біздің бақылауымызда. Біз олардың орындалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әрине, Мұхтар Әблязовті экстрадициялауға қатысты жұмыс тоқтамайды. Меніңше бүгінгі жаңалық - бүкіл әлемнің құқық қорғау органдарының жұмысының нәтижесі, біз барлықты мүмкіндікті пайдаланатын боламыз", - дейді Жандос Өмірәлиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002427-bas-prokuratura-muxtar-ablyazovti-qazaqstanga-estradaciyalauga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel