Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Төле биді зиярат етті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев. Фото: Т.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына сапары барысында осы елдің президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды "БОРТ №1" Telegram арнасы.

Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі — "Төле би кесенесі" сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Еске салайық, кеше, 21 желтоқсан күні мемлекет басшысы Өзбекстанға екі күндік ресми сапармен келген болатын. Екі күндік сапар аясында Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу және бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002600-toqaev-taskenttegi-tole-bi-kesenesine-ziyarat-etti/

pixel