Ташкентте Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі қалай өтті (фото, видео)
Опубликовано:

Ташкенттегі халықаралық конгресс орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанда мемлекеттік сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев ресми кездесу өткізу үшін Ташкенттегі халықаралық конгресс орталығына келген.
Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қарсы алған.

Осыдан кейін құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары орындалған.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырған.
Еске сала кетейік, 21 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.
Екі күндік сапар аясында Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002610-taskentte-toqaevty-resmi-qarsy-alu-rasimi-qalai-otti-foto-video/