Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Президент бауырлас Әзербайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы атап өтілді.

Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына жоғары баға берді.

Айта кетейік, Ильхам Әлиев 1961 жылы 24 желтоқсанда Бакуде дүниеге келген. Яғни, бүгінде ол 61 жасқа толып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002912-toqaev-azerbaizan-prezidentin-quttyqtady/

pixel