Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына келді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургта ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.

Еске сала кетейік, өткен аптада мемлекет басшысы Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

Сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.

Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан- Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойды.

Сондай-ақ президент Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003086-toqaev-zumys-saparymen-sankt-peterburg-qalasyna-keldi/

pixel