Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев ұсталды
Опубликовано:

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Басылымның жазуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-әкімнің ұсталғаны туралы ақпаратты ресми растаған.
Істің басқа мән-жайы әзірге белгісіз.
Айта кету керек, бұған дейін Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі, Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрі болған.
2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ал 2013-2018 жылдары облыс басшысы қызметін атқарды. 2019 жылғы тамызда ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003212-qazseldenqorgau-memlekettik-mekemesinin-direktory-karim-kokirekbaev-ustaldy/