Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Бауыржан Асанов
Бауыржан Асанов. Фото: gov.kz

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымды осы тағайындауға дейін Абай ауданының әкімі қызметін атқарған Бауыржан Асанов атқаратын болды. Ол аграрлық-өнеркәсіптік кешен, жер, ветеринария және табиғатты пайдалану мәселелеріне жетекшілік етеді, деп хабарлайды әкімдік сайты.

Бауыржан Асанов 1968 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1992 жылы К. И. Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясын бітірді.

2003 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер дипломын алды. 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында білім алған. Іскерлік әкімшілендіру докторы. Мамандығы бойынша ветеринар, заңгер, экономист.

Ол 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдары Қарағанды қаласының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерін, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын, Астанадағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасын, Қарағанды облысының ветеринария басқармасын басқарды.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Абай ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003400-qaragandy-oblysy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel