Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үкімет белсенді емес": Тоқаев министрлер кабинетінде өзгерістер болатынын тұспалдады

Опубликовано:

Үкімет үйі
Үкімет үйі. Фото: Primeminister.kz

Бүгін парламент сенатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде үкімет құрамында жақын арада өзгерістер болатынын тұспалдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметінің ресми Telegram арнасы.

Мемлекет басшысы үкімет тиісті белсенділік танытпай, шешімдер баяу қабылданып жатқанын атап өтті.

"Мен жақында өткен үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр.

Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын.

Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында үкіметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасамақшымын. Жалпы, үкімет алдында тұрған мақсаттар өте ауқымды және өзекті", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003622-ukimet-belsendi-emes-toqaev-ministrler-kabinetindegi-ozgerister-bolatynyn-tuspaldady/

pixel