Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қарулы Күштерде кадрлық өзгерістер жүргізді

Опубликовано:

Әскери жаттығу
Әскери жаттығу. Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қарулы Күштеріне кадрлық өзгерістер жүргізді, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің ресми Telegram арнасы.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, бұл ретте Нұрлан Орманбетов осы лауазымнан босатылды.

Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ал Қайрат Садықов аталған лауазымнан босатылды.

Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жүргізген болатын. Президент Қазақстанның Монакодағы елшісін және БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілін тағайындады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы бүгін Эльвира Азимованы Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003640-toqaev-qaruly-kusterde-kadrlyq-ozgerister-zurgizdi/

pixel