Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр лауазымынан босатылған Мусин жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Қанат Мусин
Қанат Мусин. Фото: Egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен әділет министрі лауазымынан босатылған Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҚР Конституциялық Соттың судьяларын сайлады.

"Конституцияға сәйкес Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды. Олар өз қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Осы орайда ҚР Конституциясының 58-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына сәйкес, ҚР Конституциялық Сотының судьясы лауазымына Қанат Сергейұлы Мусинді, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевті және Сергей Федорович Ударцевті тағайындау туралы Парламент Мәжілісі төрағасының ұсынысы енгізілді.

Өз кезегінде депутат Арман Кожахметов ұсынылған кандидатуралар заң және құқықтық салада көп жыл еңбек еткен білікті әрі тәжірибелі мамандар екенін айтты.

Палата депутаттары аталған адамдарды Конституциялық Сотының судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынысты қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003748-ministr-lauazymynan-bosatylgan-musin-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel