Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың тапсырмасымен енгізілген газ бағасын реттеу мерзімі тағы жарты жылға ұзартылды

Опубликовано:

Тоқаевтың тапсырмасымен енгізілген газ бағасын реттеу мерзімі тағы жарты жылға ұзартылды
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін енгізілген газ бағасын реттеу туралы бұйрық ресми түрде тағы жарты жылға ұзартылды. ҚРБҚДА төрағасының бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтында.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлағандай, аталған бұйрық ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында күшіне енген.

"Қазақстан аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" Қазақстан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 27 желтоқсандағы 2022 жылғы №20 бұйрығы ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында күшіне енді", - делінген хабарламада.

Құзырлы мекеме пталған бұйрықпен 2023 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді ұзарту көзделетінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003785-toqaevtyn-tapsyrmasymen-engizilgen-gaz-bagasyn-retteu-merzimi-tagy-zarty-zylga-uzartyldy/

pixel